Бүгінде облыста 200-ден астам су қойма бар. Солардың тең жартысындағы жағдай қиын. Өйткені биыл өңірде қыс қатты болып, қар қалың түсті. Осының кесірінен өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы 60-70 сантиметрге дейін жетті. Ал бұл су астындағы тіршілік иелеріне қауіп төндіреді, — дейді мамандар. БҚО балық инспекциясының басшысы Әли Торғаевтың айтуынша, әсіресе тереңдігі екі метрге жетер-жетпес шағын су қоймаларындағы жағдай қиын. Өйткені осы жердегі мұздың қалыңдығынан балық зардап шегеді. Әзірге балық қырылудың екі дерегі Орал қаласы мен Бөрлі ауданында тіркеліпті. Қыстың қаншалықты ауыр тигенін өзен-көлдердегі мұз еріп, сең жүргеннен кейін ғана анықтауға болады. Сол кезде қырылған балықтарды шірітпей, су бетінен сүзіп алып, тез талап тастауға болады деді мамандар. Әйтпесе экологиялық апат орнауы мүмкін.
Әли Торғаев, БҚО балық инспекциясының басшысы :
— Жергілікті әкімдіктер, ғалымдар және экологтармен бірге балық қырылған жерге барып, судың сынамасы алынды. Балықтың қырылуына су қойманың таяздануы себеп болған деп отырмыз. Өйткені су таяздап, мұз қалыңдаған сайын балықтың қорегі азайып, оттегіден тарығады.