Шымкент: мұнай өңдеу зауытының өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар жалақыны өсіруді сұрайды

Теги: ,
359

Өрт сөндірушілердің айтуынша, олардың еңбек ақысы дәл қазір — 70 мың теңге шамасында.

«Бұл — қаңтардан бері көтерілгені. Мен 13 жыл бұрын жұмысқа кіргелі мардымсыз айлық алып келемін, 37 мың теңге алатынбыз. Былтырлары 50 мың теңге алып жүрдік. Қаңтардан бастап 70 мың теңгеге көтерілді. Сонда да түкке жетпейді. Бізге қазір еңбек дамалысына шығу да мұң болып тұр, — деді өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Жолдас Жалғасов.

Жалақыны көтеруді талап етіп топтасқандардың сөзінше, еңбек ақының аздығынан оннан астам маман жұмыстан шығып кетіпті. Өндірістің зияндығын ескеріп берілетін сүт өнімдеріне көңіліміз толмайды, басқа жағдайлар да мәз емес. Тіпті жұмысқа киетін арнайы киімдеріміз де талапқа сай емес,- деді жиналғандар.

Айдарбек Айтбеков, аға өрт сөндіруші:

— Мақта матадан тігілуі керек негізі арнайы киімдер. Ал біздің киіп жүргеніміз синтетикадан жасалған. Күн жылыса ыстық болып, киген кезде ауа өткізбейді. Құдды үстіңе целлофан киіп алғандай әсерде жүресің.

Өрт сөндірушілер өздерінің жұмысы оңай емесін айтады. Алапат жалынмен арпалысудың қайсысы болмасын қиын. Десе де, мұнай өңдейтін зауытта шыққан өртпен күресті салыстыруға еш келмейді. Сондықтан еңбегімізді ескерсе, дейді олар.

Мұхтар Балқыбеков, өрт сөндіру бөлімінің командирі :

— Біздің жалақымыз 100 мың теңгенің үстінде болуы керек. Өрт сөндірушілердің ешбірінің жұмысы оңай деп айтпаймын, әйтсе де мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдай орын ала қалса жағдай тіпті қиын. Естеріңізде болар, қайбір жылы осында өрт шыққанда бүкіл республика аяғынан тік тұрды. Қандай қиын жағдай болды осы жерде. Алғаш болып ауыздықтауға біз бардық. Өз өмірімізді қатерге тігеміз…

Өрт сөндірушілер бір тәулік жұмыс істеп, үш күн демалады. Айтуларынша, жуырда басшылық ауысқан. Ал зауыттың өрт сөндіру қызметіне жуапты өкіл өздерінің бұл қызметті қаңтардан бері жауапкершілігіне алғандарын жеткізді. Өзін Акзамхан Хамудовпын деп таныстырған серіктестік директоры жалақыны қалай да көтерудің амалын жасап жатырмын деді. Тек тапқан табыс әзірге шығыннан артылмай жатқанын уәж қылды.

Акзамхан Хамудов, «Семсер-өрт сөндіруші» ЖШС филиалының директоры:

-Жалақының аздығынан 138 адамның 30 пайызы жұмыстан кетіп отыр. Нағыз мамандарды жоғалту бізге оңай емес. Өрт сөндірушілерді дайындау қиын мына заманда. Сондықтан жалақы мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Ендігі жағдай тендерге байланысты болып тұр, айлықтың қосылуы. Жасыратыны жоқ, бүгінгі бюджетіміз -237 млн теңге, ал мен 306 млн теңгенің тендеріне қатысып жатырмын. Құдай қаласа өрт сөндірушілердің айлығын кемі 100 мың теңгеге көтергім бар. Алайда біздің құжаттарымызды қарамай жатыр әзірге. Салысырып айтар болсам, өзге өңірлер ең кемі 150 мың теңге төлеп жатып, ал менің қарамағымдағылар небәрі 74 мың теңге алады.

Ал мұнай өңдеу зауыттындағылар аталған серіктестіктің бюджетін жыл басында 45 млн теңгеге көтергендерін көлденең тартты. Тағы да ұлғайтуға болар еді, алайда ондағылардың техникасы тапшы. Тіпті біз өзіміз ұсынып отырмыз дегенді айтты. Сондықтан барлық мәселе тендерден соң белгілі болады деп отыр зауыттағылар.

Тендер нәтижесі осы сәуір айында белгілі болмақ.

Предыдущая запись
Какое наказание грозит за жестокое обращение с животными по новому закону
Следующая запись
​Фактчекинг одного произведения

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню