375
Оқиға Құлсары қаласында болған. Азық-түлік дүкенінің артқы жағында ішімдік ішіп отырған екеу өзара сөзге келіспей, жанжалдасып қалыпты. 41 жастағы азамат масаң күйде жанындағы адамның беті мен кеудесінен бөтелкемен ұрған. 58 жастағы тұрғын алған дене жарақатынан оқиға орынында қаза тапты.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ҚК ҚК «Адам өлтіру» бабымен тергеу басталып кеткен. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.