Шымкент: Полиция департаменті баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсау жайты бойынша Қаратау АПБ ҚР ҚК 105-бабы…

Теги: ,
342

​Сондай-ақ, Мөлдір Бекеева жұмыстан шығу туралы өтініш жазғанмен, әлі сол қызметінде екенін мәлімдеді

Өзіндік қауіпсіздік басқармасындағылар баспасөз хатшысының үстінен қозғалған қылмыстық іс туралы да айтты. Ол жуырда ғана әлеуметтік желіде тараған шулы аудиожазбаға қатысты екен.

«Осыған байланысты түсіндіреміз: наурыз айының соңында Youtube арнасында «Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы полиция қызметкеріне қарсы балағат сөздер айтты» деген жазба пайда болды.

Аталған бейнежазба бойынша Шымкент қалалық ПД басшысы қызметтік тексеру тағайындады. Нәтижесінде, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері баспасөз қызметінің басшысымен әңгімесін жазып алған полицейді анықтады. Қызметкер, дыбыстық жазбаны өткен жылдың желтоқсан айында жазғаны туралы айтты. Себебі ол қарт ата-анасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, жұмыста өз орнын сақтап қалу мақсатында дыбыстық жазба жазып алуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Жедел басқару орталығының офицері ретінде қызмет атқарған оны, ПД-нің бұрынғы бастығының бұйрығы бойынша баспасөз хатшысының қарамағына жіберген. Өз кезегінде Мөлдір Бекеева, қызметкердің орындаған тапсырмасы негізінде күн сайын дау-дамай ұйымдастырып, оны қорлаған және ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін боғауыз сөздерді айтқан. Сонымен қатар, оны жұмыстан босатамын деп бопсалаған. Оның генералдың қолдауына ие болып, оған баратынын түсінген қызметкер жігіт шарасыз қадам жасауға бел буып смарт-сағатқа дыбыстық жазба жасайды. Кейін ол, бұл жазбаны WhatsApp желісінде достарымен бөлісіп, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түскен. Оның сөздерін баспасөз қызметінің, кадр жұмысының қызметкерлері, 5 жүргізуші қолдады және растады. Олар 10 ай бойы ПД баспасөз қызметінің басшысының қол астында жұмыс істеген.

Содан кейін, Жедел басқару орталығының қызметкері қылмыстық іс қозғау туралы арызданды. Оның хабарламасы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Арыз бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын анықтау бөлімі жүргізеді», деп жазылған жазбаша жауапта.

Ал өз-өзіне қол салған 1991 жылы туған полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Кома жағдайындағы ол әлі есін жимаған.

Мөлдір Бекеева бүгін түнде суицид жасады. Дәрігерлер алдын-ала болжам бойынша пациент көп мөлшерде дәрілік препараттар ішкен болуы мүмкін екендігін айтты.

Предыдущая запись
МВД ликвидировало транснациональный канал поставки синтетических наркотиков
Следующая запись
Батыс Қазақстан облысы: екі ауданды су басу қаупі әлі сейілер емес

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню