Түркістан облысы: зейнеткерді тірідей өртеп жіберген

Теги: ,
315

Сайрам ауданының тұрғыны ауылдасының қолынан қаза тапты. Күдікті қарт әйелдің үстіне бензин құйып, от қойған. Аудандық ауруханаға күйік жарақатымен түскен зейнеткер көп ұзамай қайтыс болды.

Полицияның мәліметінше, бұл жағдайға ауылдас екі адамның арасындағы жанжал себеп. Жалпы оқиға тұрмыстық негізде болған.

«Олардың бірі екіншісін ұрған, осыдан кейін, соңғысы мас күйінде өзіне қол жұмсаған тұрғынның үйіне келіп, аулаға кіріп, терезесін сындырған. Орын алған жанжал кезінде, үйден шыққан жәбірленушіге мас тұрғын жанармай шашып, өртеп жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері өзара жанжалдасқан Сайрам ауданының 2 тұрғынын да ұстады. Бірінші тұрғынға қатысты ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша іс қозғалып, сот шешімімен кепілмен босатылған.

Ал екінші тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, сол мезетте қамауға алынды. Аталған жайтқа қатысты сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», — деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдірахманқызы.

Предыдущая запись
Шымкент: Полиция департаментінің баспасөз хатшысы комада
Следующая запись
Ақтөбеде аңшылар құс ату лимитінің азайғанына наразы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню