Орал: 72 жастағы зейнеткерді жауыздықпен пышақтап өлтіріп, бағалы затын олжалаған күдікті ұсталды

Теги: ,
376

Сезікті қолына биялай киіп, із қалдырмауға тырысыпты. Полиция оның үйін тінткен кезде қанға боялған киім мен пышақты тапқан. Бірақ осы айғаққа қарамастан, 1987 жылы туған күдікті әйел өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр екен. Полиция дерегінше, бұл азаматша бұрын істі болмаған. Дегенмен сот оны тергеу үшін екі айға қамауға алуға санкция берді.

Еске салайық, 72 жастағы кейуананы белгісіз біреу 9-наурыз күні үйінде тамағынан пышақтап, өлтіріп кеткен еді. Қылмыскер қарияның екі алтын сақинасы мен сырғасын олжалаған.

1 мыңнан астам тұрғын үйді тексерген полиция бейнебақылау камераларына түсіп қалған күдіктінің фотороботын жасап, видеосын әлеуметтік желіде жариялаған еді. Тіпті қылмыскер туралы құнды ақпарат бергендерге қомақты сыйақы да тағайындаған.

Предыдущая запись
Прогноз погоды на 7-9 апреля: в Казахстан придут осадки
Следующая запись
Шымкент: Полиция департаментінің баспасөз хатшысы комада

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню