Шымкент: үй іргелік жері мемлекет қажеттілігіне алынатын тұрғындар үкіметтен көмек сұрайды

Теги: ,
378

Жұлдыз шағын ауданында құрылысы басталған «Оңтүстік» айналма жолының жолындағы 11 жеке тұрғын үй сүрілетін болған. Алайда ондағы тұрғындарды баспаналарына беріліп отырған өтемақы мөлшері қанағаттандырмай отыр. Ұсынған ақшасы мардымсыз екенін айтады халық.

«Менің аумағы 100 шаршы метр шығатын үйімді жеке компания небәрі 8 млн. теңгеге бағалады. Мен онымен келіспей, сотқа жүгіндім. Соттағылар нүктесін әлі қоймады. Баспанам биік, аумағы да үлкен. Біздің бұл төңіректе бос жердің өзі 6 млн теңге тұрады. Ал менің үйімді бары -жоғы 8 млн теңге бағалап кетті. Менің үйімді жерге ұрып жатқанына ішім ашиды. Сондықтан орташа бағасын шығарып беруін талап етіп отырмын», -дейді Жұлдыз шағын ауданының тұрғыны Маруф Хамидов.

Жұлдыздағы өзге он отбасыдан да маза қашқан. Сүрілуге жатады дегенді естігендер құрылысты жалғастыратынын, не тоқтататынын білмей әрі-сәрі күйде жүрміз дейді. Мұндағы 11 баспананың бірәзінің қабырғасы қам қышпен қаланса, жарты отбасы шаңырағын күйген кірпіштен тұрғызған.

Гүлім Сәтімбетова, Жұлдыз шағын ауданының тұрғыны :

— Үйімді кеңейтіп жатырмын. Фундаментіміз құйылып, дайын тұр. Енді соның қабырғасын көтеріп, шатырын жапсақ па дегенде мына хабар келді. Ойланып қалдық. Тіпті үйімізге көгілдір отын кіргізуді де тоқтатып тұрмыз, алдағы күні жағдай қалай болады деп. Көршімізге 8 млн. теңге ғана беріп жатыр екен. Бізге де сол шамада ұсынатын шығар…Жерге жауапты басқармадан Самат деген жігіт келіп кетті. Ол 10 млн. теңге берілсе Құдайға шүкір деп қуаныңдар деп айтты. 10 млн. теңгеге ештеңе ала алмаймыз ғой, сонда мен екі баламмен далада қалмақпын ба?!..Егер жеткілікті ақша бермесе мен үйімді сүргізбеймін.

11 отбасы екіұдай күйде қалдырып тұрған аумаққа Шымкенттің сырт жағын айналып өтетін жол түседі. «Оңтүстік» айналма жолы үшінші мегаполистің оңтүстік бөлігіндегі аудандарды шығыс және солтүстік шығыс аумақтармен төтесінен жалғайтын болады. Жолдың жалпы ұзындығы -16 шақырым. Жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Бірақ бұл шаруа кешеуілдейтін түрі бар. Өйткені бағалауға қатысты тұрғындар тарапынан сұрақ тым көп. Өтемақыны қазіргі нарыққа сай төлеп берсін дегендерді жауаптылар қысқаша жауаппен шығарып салды.

Самат Досанов, Шымкент қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлімінің бас маманы :

Бұған дейін бағалаумен айналысқан компанияның келісім шарт мерзімі аяқталған. Енді бұл іспен өзге мердігерлер айналысады. Қазіргі конкурстан ұтып алғандар бағалау жұмыстарына енді кіріседі. Ал олардың басаналарды қаншаға бағалайтынын өздері шешеді. Біздің басқарма тек мемлекеттік қаулыға сәйкес мемлекет қажеттілігіне алу жағына ғана араласа алады.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: Төлеби ауданының орталығындағы қос қабатты 8 үйдің тұрғындары әр күнін үреймен өткізіп жүр
Следующая запись
Түркістан облысы: балабақшаға жіберілген 1,5 жасар бүлдіршіннің жамбас сүйегі көлік қаққаннан сынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню