402
Қайғылы оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған. Жалпы ауданы 255 шаршы метр болатын екі қабатты жеке үй толықтай жанған. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қызыл жалын кезінде бірінші қабаттың 60 шаршы метр шығатын төбе жабыны ортаға опырылып түскен. Оқиға орнында жұмыс істеген мамандар бірі 13, екіншісі 15 жастағы екі баланың мәйітін алып шықты.
Өрт сөндірушілердің мәліметінше, өрт сенбі күні кешкі тоғыз жарымдар шамасында тұтанған. Үш сағатқа жетпей тілсіз жау толық ауыздықталғанын хабарлаған Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы өрттің шығу себебі анықталып жатқанын жеткізді.