Түркістан облысы: Атадан балаға мұра болған үш ғасырлық қазан музейге тапсырылды

Теги: ,
605

Үш ғасыр бұрын қоладан құйылған қазанды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қорына түркістандық Таңатаровтар әулеті табыстады. Ұлдары мен немерелерін өзі бастап келген 75 жастағы Асылбек Таңатарұлы бабаларынан жеткен қимас мұраны әрі қарай кесене музейінде тұруын жөн көріпті. Береке дарыған қола қазаннан қазақтың қаншама жақсылары мен жайсаңдары дәм татқанын айта келе бұл қазан әулеттің ырысы мен берекесі іспеттес болды, — деді қария. Бүгінгі күні бабадан тараған ұрпақтар үлкен әулетке айналып, тамыры кеңге жайылған, білімді де білікті, иманды, елге еңбегі сіңген азаматтарға айналған. Асылбек Таңатарұлы талай жылдар әулеттің қимас жәдігері болған дүниені мәңгілікке көздің қарашығындай сақтау үшін музей қорына өткізіп отырғанын жеткізді.

Дәстүрлі «Музейге сый» акциясы аясында ғалымдар мен тарихшылар, музейге жанашыр қала тұрғындары 30-ға жуық құнды мұралар табыстады.

Олардың қатарында атақты ғалым Шайх Сулейман Жамалдың аудармасы бойынша аударылған «Тафсир» кітабы, Темуридтер мемлекетінің Әмір Темір атымен 785-786 х.ж. (1383-1385 жж.) және 832 х.ж. (1428-1429 ж.) Бұхара ақша сарайында соғылған фулусі, Қоқан хандығының екі дана тамшы пішінді, бір дана шаршы пішінді монеталары,

XVII ғ. ұсақ сауда ісінде айналымында жүрген төртбұрыш пішінді мыс ақшалар мен Ресей патшалығының нумизматикалық жәдігерлері, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай батырдың портреті, көзешінің мөрі де бар.

— Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару. Ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор, құнды заттарды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларына қатысты жәдігерлерді кәсіби тұрғыда сақтауға және көпшілік назарына ұсыну үшін музейлерге тапсыруға үндеу,- деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының баспасөз хатшысы Мадина Сабыр.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары мектепте берілуі тиіс ыстық тамақтан қағылып жүр
Следующая запись
Заместитель акима города Максут Исахов провел брифинг для представителей СМИ по вопросам дорожного строительства

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню