Түркістанда төрт ай бұрын ипотека арқылы пәтер алғандар баспанасына кіре алмай жүр

Теги: ,
439

Жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйлер қаңтардан бері қаңырап бос тұр. Ал халық пәтерден пәтерге сабылып жүргендерін айтып ашынды. Әкімдік пен жауапты мекемелердің табалдырығын тоздырып шаршадық дегендер тұрғын үйлер газ бен суға қосылмағанын жеткізді. Көпқабатты үйлердің ауласы да абаттандырылмапты. Соған қарамастан қала басшылығы жаңа үйлерді қабылдап, банк арқылы сатып жіберген, -деді несие арқылы баспана рәсімдеген тұрғындардың бірі Досжан Бибатыров. Айтуларынша, құрылысты жүргізген компания өкілдері бұл үйлерге әлі күнге ешкімді кіргізбей отыр.

Досжан Бибатыров, Түркістан қаласының тұрғыны:

— Қазан айында жаңа қонысқа кіретін болдық деп қуанғанбыз. Қаңтардан қалмай кіруіміз керек еді. Содан бері де үш ай өтіп кетті. Ипотеканы төлеп отырмыз. Мысалы, менің өзім 146 мың теңге төлеймін. Бірақ пәтерде тұрамын. Төрт бала -шағам бар. Мен қазір екі жақты шығындамын. Пәтерақыға бір, несиеге бір төлеп отырмын. Әкімдікке барсам, тұрғын үйге сілтейді. Екі ортада сандалып шаршадық. Нақты қашан кіре алатынымызды дөп басып ешкім айтар емес. Электр энергиясының өзін қосқанына бір апта болды. Суы мен газы жоқ әлі.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары дайын емес үйлерді неге сатылымға шығарып жібергенін тұрғындарға түсіндіріп бере алмады. Тіпті мұнда көгілдір отын мен судың қашан қосылатынын да білмейтін секілді.

«Үйдің құрылысының бәрі, ішкі жүйесінің бәрі біткен. Техникалық атқару құжаттарының бәрі дайын. Үй де дайын. Ал ішінде газ бен судың болмауы, олар сыртқы жүйемен келеді. Оған тапсырыс берген облыстық басқармадағылар. Солар жауап береді», — деді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Тасов.

Алайда, пәтерін сырттай торуылдаумен күн өткізіп жүргендерге құрылыс басқармасының өкілі де тұщымды жауап айта алмады.

Предыдущая запись
Самую красивую овцу выберут в Алматинской области
Следующая запись
Всемирный банк назвал один из основных источников загрязнения воздуха в Казахстане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню