388
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ұйымдастырылған «Етті-май бағытындағы Халықаралық асыл тұқымды қойлар» көрмесінің жеңімпазы 10 мың АҚШ долларын жеңіп алды. «Қуаныш» шаруа қожалығының қожайыны Қуаныш Мықтыбаевтың қошқары ең ауыр салмақ бойынша ерекшеленді. «Миллион» атты қошқардың салмағы – 213, 5 келі. Сарыағаштық шаруа оны Қырғызстаннан кезінде 30 мың долларға сатып алған екен.
Үш жүзге жуық қой қатыстырылған көрмеде екінші орынды шымкенттік шаруа Бахтияр Бабажанов иемденді. Оның байқауға қатыстырған «Крокодил» атты қошқарының салмағы – 193 келі. Мал иесіне 500 мың теңге берілді.