375
Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында болған. Түн ішінде ауылдағы жеке тұрғын үйлердің бірі отқа оранып, 30 шаршы метрді жалын шарпыған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, үй иелерінің жеке заттары мен жұмсақ жиһаз өртеніпті. Сонымен қатар өртенген үйден 1951 және 1981 жылғы екі ер адамның мүрдесі табылды. Төтеншеліктер олардың улы газдан уланғанын айтып отыр.