391
Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова хабарлады. Оның сөзінше, басынан ауыр жараланған бүлдіршін ақыры ес жимай, қайтыс болған. Айта кетелік, қайғылы оқиға 13-наурызда қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған еді. Екінші қабатқа эскалатормен көтеріліп келе жатқан анасы әлденеге алаңдап, бөбегін қолынан түсіріп алған. Дәрігерлер сәбидің ауруханаға өте ауыр халде түскенін айтты. Жоғарыдан басымен құлап түскен бүлдіршіннің “миы шайқалған” деген диагноз қойылыпты, жабық бас ми жарақатын алып, миына қан құйылған. Полиция осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.