Шымкентке қыс қайта келді

Теги: ,
357

Күнгейде апталап жауған нөсер жауын соңы қарға ұласты. Жапырақ жайып, гүл ашқан өрік ағаштары ақ көрпе жамылғандай әдемі көрініске енген. Тек өрікті үсік шалатын болды деп қала тұрғындары қатты уайымдап отыр. Түркістан облысының таулы аудандарына да қар түскен. Ауа-райын болжаушылардың мәліметінше, Шымкентте 13 см қар жауған. Таулы аудандарда -15-19 см ге дейін түскен қардың қалыңдығы. Синоптиктер қар жауатынын бір жұма бұрын ескерткендерін мәлімдеді.

Қазгидромет мамандары наурыз айының 19-ы мен 25-і аралығында ауа райы қалай болатынын да бөлісті. Болжамдары бойынша, алдағы үш тәулікте жауын-шанын болмайды. Наурыз мерекесі күндері Шымкентте күндіз + 8 — 13 градусқа дейін күн жылы болады. Ал түнде — 2 — 4 градусқа дейін ауа температурасы төмендеуін күтіп отыр. Сондай-ақ, солтүстік таулы аудандарда түнгі мезгілде температура — 9- 10 градусқа дейін суытады. Мамандар 23-наурызда тағы бір қар жауады деген болжам айтуда.

Предыдущая запись
Как будут работать СпецЦОНы Шымкента в праздничные дни
Следующая запись
Шымкент полицейлері нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню