Орал: жергілікті журналистер бір-бірін Наурыз мерекесімен өзгеше құттықтады

Теги: ,
366

Оралдағы облыстық газеттің ұжымы әз Наурыз мерекесін өзгеше атап өтті. Дәстүрлі дастарқанның орнына олар бір-біріне гүл сыйлады. Көктемнің алғашқы шуақты күндерінің жылуын бойына сіңіріп, жайқала өскен гүлдерді журналистердің өздері өсіріпті. Бұл игі бастамаға басылымның бас редакторының ұсынысы себеп болыпты. Көпшіліктің көңілінен шыққан ұсыныс бүгінде дәстүрге айналып, осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ Бауыржан Ғұбайдуллин бұл туралы былай дейді:

— Жалпы гүл сыйлау дін, діліне, тілі мен түріне қарамастан, қай ұлт, қай халықта да үлкен жақсылықтың, періште тілектің, ақ пейілдің, ізгі ниеттің символы болып қабылданады. Бұл бастамамыз бүкілхалықтық сипат тапса нұр үстіне нұр болар еді. Егер отандастарымыз бір-біріне гүл сыйлап жатса, бұл гүлденуді, еліміздің гүлденуін, жалпы жеке адам ретінде өзіміздің шаңырағымыздың, өзіміздің тұрмысымыздың ілгері жылжуын, еңбегіміздің өркендеуін көрсетеді.

Редакциядағы жас мамандар:

Наурыз — жаңарудың, жаңғырудың мерекесі. Сондықтан осындай ерекше сыйлықтарды бір-бірімізден жыл сайын қуана қабыл аламыз.

Карантин кезінде де көп болып жиылып, бас қосуға тыйым салынған кезде де бір-бірімізге гүл сыйлау дәстүрі көңілден шықты,- дейді.

Предыдущая запись
Дождливый март: Почему в пасмурную погоду становится грустно?
Следующая запись
Что делать, если срок действия удостоверения личности истекает?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню