АТЫРАУ: 60 шақты өрт сөндіруші жалақы көтеруді талап етті.

Теги: ,
447

«Семсер-өрт сөндіруші» мекемесі батыс филиалының қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының өрт қаупінің алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Олар азық-түлік бағасы күн сайын қымбаттағанымен, жалақы бір көтерілмей қойды,- деп ашулы. Тапқанымыз тамақтан артылмай қойды деген олар мекеме жуырда атын ауыстырғалы, еңбек тәртібі де сақталмай кетті,- дейді. Айтуларынша, басшылық әу баста компания аты өзгергенімен, талап та, тәртіп те бұрынғысынша қалады,- деген. Бірақ жыл басталғалы еңбек демалысын бермепті. Тіпті жұмысқа уақытша жарамсыздық парағы бола тұра, тиісті төлем төлемеді,- деп тізді жиналғандар.

Бірақ «Семсер-өрт сөндіруші» ЖШС Батыс филиалының директоры Михаил ХАГАЙ талаптар негізсіз,- деп отыр. 1 күн істеп, үш күн демалатын өрт сөндірушілер айына 160 мың теңге алатынын алға тартып, жалақыны одан артық көтермейтінін кесіп айтты.

Мекеме жуырда ашылғандықтан алғашқы айда жұмысқа уақытша жарамсыздық үшін төлемақы төленбейтінін де ескертті. Еңбек дауына еңбек инспекторлары да келді. Олар өрт сөндірушілердің шағымы бойынша компаниядағы еңбек заңдылығының сақталуын тексереміз,- деді.



Предыдущая запись
Түркістан облысы: Сайрам ауданында 1,8 миллион ақшасы бар сейф қолды болған
Следующая запись
Во всем виноват дождь?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню