389
Орал қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары қала ішіндегі аудандарды электр қуатымен қамтудың тәптіштеп жоспарлау жобасына бөлінген ақшаны қалтаға басқан. Сот материалдарынан белгілі болғандай, мемлекетке келген шығын — 400 млн тг. Сот шенеунікті мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіргені үшін айыпты деп танып, екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Сонымен қатар ол мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айрылды. Бүгінде мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелген. Сондай-ақ, бұл қылмыстық істі қарау кезінде «Электромонтаж» АҚ филиалының директоры да жауапталды.