АТЫРАУ: Қансырап ауруханаға түсті

Теги: ,
374

Атырау тұрғынын азаматтық некеде болған бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен. Бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түскен 38 жастағы келіншек оқиғаның мән-жайын «Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісімен тікелей эфирде ашық айтып берді. Айтуынша, некеде болмаған, араларында екі бала бар. Бірақ 2019 жылдың аяғынан бері бөлек тұрады. Бірақ содан бері «ізіме түсіп, қорқытып-үркітуді, жанжал шығарып, ұрып-соғуды тоқтатпады»,- дейді. Соңғы рет 9 наурыз күні кешкісін үйіне келіп, бірнеше жерден пышақ жарақатын салған.

«Жарақаттар өте көп. Бастың шаш бөлігінде жарақаты бар. Екі қолында, екі аяғында көптеген жарақаттары бар. Ең тереңдеу, қиындық әкелетін жарақаты ол — сол жақ қолындағы жарақаттар, сол жердегі қол басының 3-інші, 4-інші сауасақтары сынған, сол жердегі сіңірлері үзілген. Олардың бірі тігілді, уақыт керек жазылу үшін»,- дейді

Атырау облыстық ауруханасының дәрігері Бекболат Қуанышев.

Екатерина әр жағдайдан соң учаскелік полиция мен 103ке шағымданып отырдым ,- дейді. Құқық қорғаушылар кей жағдайда арызын қайтарып алуға кеңес беріпті. Полиция департаментіндегілер болса, осы отбасылық жағдайларға байланысты күдіктінің үстінен 4 қылмыстық іс, 7 әкімшілік іс қозғаған. Ал іс сотқа жеткен кезде судьялар тек ескерту берді,- дейді жәбірленуші келіншек. «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Смайлова заңды қатайтпаса, әйелдерге деген қатыгез қылмыс тоқтамайды деп отыр. Ол Екатеринаның жағдайын ағылшыншаға аударып, «Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою» комитеті не жолдайтынын айтты.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Оның үстінен ҚР ҚК 106 бабы «денсаулыққа орта дәрежеде зиян келтіру» бабымен тергеуді бастаған. Күйеуінен зәбір көріп шаршаған Екатерина істі соңына дейін жеткіземін деп отыр.

Предыдущая запись
АТЫРАУ: Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген екі күдіктіні ұстады
Следующая запись
Орал: 400 млн тг бюджет қаржысын жымқырған шенеунік сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню