ЖАЛАҚЫ ЖЫРЫ

Теги: ,
399

Бүгін Нұр-Сұлтанда “Elorda Eco System” кәсіпорнының қызметкерлері жалақы көтеруді талап етіп, наразылық білдірді. Олар таңнан бері жұмыс істеуден бас тартып, басшылықтан нақты жауап күтіп отыр.

Наразылық танытушылардың басым бөлігі жүргізушілер, механизаторлар, слесарьлар мен операторлар. Олардың айтуынша, қазіргі жалақы – 134 мың теңге. Ал кейбірі мұнан да аз ақы алады. Жүргізуші Қ. Искаков басшылық жылдан жылға бізді алдаумен келеді дейді:

“Екі жыл болды көтерілмей жатыр жалақы. Бүгін күні бойы тұрмыз. Бастықтар жалақыны көтеру туралы құжатқа қол қоймай жатыр. Азық-түлік күнделікті қымбаттап жатыр, ал жалақы екі жыл бойы өспеді”.

Қызметкерлер кеше басшылықпен кездескенде олар жалақыны наурызда 20%, сәуірде 20% және мамырда 10%-ға көтеруге уәде берген. Дегенмен бұл қағаз жүзінде расталмағандықтан, жұмысшылар “құр сөзге сенбейміз” ,-дейді:

“Осында келеміз(зал- редактор). Бізге уәде береді. Сосын жұмыс істеуге кетеміз. Сосын қайта жиналамыз”.

Осылай бірнеше айдан бері жиналып келе жатырмыз, — дейді қызметкерлер. Жүргізуші Д. Әбубәкіров те “бас талабымыз – инфляцияға байланысты жалақымыз көтерілсе. Жұмыскерлердің басым бөлігі жалдамалы пәтерде тұрады, жан-жақтан келген адамдар”,- дейді.

Қызметкерлердің айтуынша, кәсіпорында шамамен 500-дей адам жұмыс істейді. Бүгін 70-80-ге жуық жұмысшы жалақы көтеруді талап етті. Олардың ішінде күндіз және ауыспалы кестемен жұмыс істейтіндері де бар. Сондай-ақ, Әбубәкіров өткен жылы қызмет уақытынан тыс жұмыстарға ақы төленбеді деп мәлімдеді.

Кәсіпорынның басшысы Адалжан Далькеев жалақыны алдағы үш айда көтеретінін мәлімдеді:

“Наурызда 20%, сәуірде 20%, мамырда 10%-ға, осылайша жалақыны 50%-ға өсіреміз. Мен оларға тек наурыздан көтеремін деп уәде бердім. Мұнда қарашадан бері басшымын. Бұрынғы басшы уәдесін орындамаған. Бұйрыққа қол қойдым. Жүргізушілер орта есеппен 250 мыңдай алатын болады. Ал ақпанда барлығына 65 мың теңге сыйақы берілді”.

Осылайша кәсіпорын басшысы қызметкерлермен сөйлесіп, келісімге келдік десе, екінші тарап оларға сенім білдірмей тұр.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік коммуналдық бұл ұйым 2020 жылы құрылған. Оның басты қызметі – қаланың нөсер канализациясын және арық-науа желілерін реттеу.

Предыдущая запись
Заявление Союза журналистов Казахстана и Международного фонда защиты свободы слова «Адил соз» выступили с совместным заявлением
Следующая запись
Шымкент: шоколад ұрлап сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню