Атырау-Орал тас жолының бойында жаңа көліктер тиелген жүк машинасы аударылып қалды. Автотасымалдаушы техникаға тиелген жеті көлік қатты бүлінген. БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға Орал-Атырау тас жолының 74-ші шақырымында болыпты. 38 жастағы көлік жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай қалғанын анықтаған полиция оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Адам денсаулығына немесе біреудің мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Бұл бап бойынша жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған. Қазір келген шығын анықталып жатыр. Бұл оқиға әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып жатыр. Видеоға түсірген азамат осы апаттың кесірінен күре жолда көлік кептелісі болғанын, ал аударылған техниканы екі кранның әрең көтеріп жатқанын баяндайды. Айта кетелік, бүлінген көліктердің автосалондағы бағасы 7-10 млн тг аралығында.
БҚО: Жаңа көліктер тиелген арнайы техника аударылып қалды
375
Видео
Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті