382
Тайыншаны көтеріп, балаларына күшін көрсетпек болған балуан қария күлкіге қалды. Езу жиғызбайтын бұл видеоны қазір әлеуметтік желі қолданушылары жаппай таратып жатыр. Бейнероликте ақсақалдың тайыншаны арқанмен байлап, бауырынан көтеруге тырысқан сәті түсірілген. Осы сәтте қолына таяқ ұстаған кішкентай баладан үріккен мал қарияны дереу сүйреп әкетеді. Мөңкіген тайыншаның бауырында қалған ақсақал өзі байлаған арқанға шырматылып, бес-алты метр жерге сүйретіліп, тапталып қалады. Айналасындағылар басында оны өліп қалды деп шошығанымен, қарияның аман екеніне көзі жетіп, күлкіге айналдырды. Бойына сыймаған күшін көрсетемін деп жастарға мазақ болған қария күрсініп, жаны аман қалғанына қуанып жатыр.