433
Ақтөбенің 66 жастағы тұрғынына осылай сүйінші сұрап, белгісіз біреу телефон соққан. Өзін интернет-дүкеннің қызметкерімін деп таныстырған ол ұтысты алу үшін дүкеннен футболкалар мен сағаттар сатып алу керек екенін айтқан. Бұған сенген “ұтыс иесі” алаяқтың шотына 800 мың теңгеден астам ақша аударып жіберген.
Ақыр соңында көлік те, тауар да, ақшасы да жоқ тұрғын алданғанын түсініп, полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары қазір алаяқты іздеп жатыр.