Аймақ төтенше жағдайлар департаменті басшылығы болжамды себебін хабарлады. Департамент басшысы орынбасары Аскат Ержановтың сөзінше, мұнай қалдықтарын өртеуге арналған пештің маңында қалдықтарын сақталған контейнерлер шахмат тәртібімен орналасқан. Ұшқын пештен шығуы ықтимал. Естеріңізге салайық, Теңіз кен орны аумағында шыққан қызыл жалыннан 20 контейнер, 70 пластик сыйымдылық, 60 металл бөшке және бір жүк көлігі жанып кетті. Абырой болғанда, адамдар аман есен. Айта кетейік, төтеншелік мамандар былтыр қыркүйек айында кәсіпорынды тексеріп, өрт қауіпсіздігі нормаларын сақталмаған 9 факт анықтап, айыппұл салған. Екі айдан соң бұзушылықты толығымен жойылғанына көз жеткізіпті. Қазір кешен жұмысы толық тоқтап тұр. Оқиға орнында нақты себебін анықтау үшін арнайы зертхана жұмыс жасауда. Ал экология департаменті табиғатқа келген зиянды есептеу үшін жуырда кезектен тыс тексерісті бастаймыз,- деп отыр.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ: Мұнай қалдықтарын өңдеу цехындағы алапат өртке отты абайсызда қолдану себеп болуы мүмкін
455
Видео
Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті