Орал: Жазамды туған қаламда өтегім келеді — 32 адамды алдаған келіншек сотта кешірім сұрады

Теги: ,
518

Орал қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша «Үй алып береміз»- деп отыз екі адамды алдаған екі келіншектің ісі сотта қаралып жатыр. Орал, Атырау мен Ақтау қалаларының тұрғындарын сан соқтырған күдіктілер 24 миллион теңгені қалтаға басқан. Пысықайлар бұл әрекеттерін 2020 жылдың қаңтары мен 2021 жылдың ақпаны аралығында жүзеге асырыпты. Алданғанын кейіннен білген азаматтар полицияға шағым түсірген. Полиция ҚР ҚК 190 бабымен іс қозғап, күдіктілер былтыр күзде қамауға алынды.

Бүгінгі сот процесі кезінде күдіктілер кінәсін ішінара мойындады. Олар өздерінің жас баласы барын айтып, соттан кеңшілік танытуын сұрады. Мысалы, күдіктілердің бірі Ерузакова Қарлығаш кішкентай үш баласы барын, 2019 жылы инсульт алғанын айтты. Әрі алданғандардың бәрі іні-келіндері секілді өзінің жақын туыстары қызметтестері мен құрбылары екен. Сондықтан сот шартты түрде жаза кессе, қарызынан құтыламын деп сендірді.

Ал екінші күдікті Бусурманова Мөлдір судьядан айыбын барынша жеңілдетіп, жазасын Атырауда өтегісі келетінін сұранды. Көпбалалы келіншек отбасына жақын жерде болуды қалайды. Бірақ сот бұл шешімді ҚАЖ (қылмыстық атқару жүйесі) қабылдайтынын айтты. Бусурманова Мөлдір осыған дейін алаяқтық жасағаны үшін үш рет сотталған. Тіпті соңғысында жазасын өтеп бітпеген екен. Мемлекеттік айыптаушы оларды 3-4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Сот үкімі наурызға белгіленді.

Предыдущая запись
Орал: Қала тұрғыны шағын трактор құрастырды.
Следующая запись
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ: Мұнай қалдықтарын өңдеу цехындағы алапат өртке отты абайсызда қолдану себеп болуы мүмкін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню