Орал: алаяқтар айылын жияр емес

Теги: ,
508

Өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар оралдықтарды сан соқтырды. Полиция бір күннің ішінде осындай жеті оқиға тіркелгенін мәлімдеді. Алаяқтар өздерін банк қызметкеріміз деп таныстыруды жақсы меңгерген. Олардың жылы сөзіне алданғандар тіпті банк картасының нөмірі мен паролін қалай айтқанын да білмей қалады екен. Бірақ ұрланған ақшаны кері қайтару мүмкін емес. Өйткені мобильді ақша аударымы қызметін пайдаланған алаяқтар өз олжасын қолма-қол ақшаға айналдырып, шекара асырады екен әрі бұл қылмыстар шетелдік азаматтардың қолымен жасалады.

Полиция департаментінің дерегінше, 35 жастағы Орал тұрғыны өзін банктің қауіпсіздік қызметінің өкілі Попов Дмитриймін деп таныстырған бейтаныс адамға сеніп, бүкіл талабын орындаған. Осылайша 1 млн. теңге несие рәсімдегенін де білмей қалыпты. Дегенмен полицейлер күдіктінің бұл қылмысты Алматы қаласында жасағанын анықтады. Өзге жәбірленушілер де дәл осылай жем болыпты. Оларға келген шығын 5 миллион теңгеден асады.

Әзірге полиция азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды бөтен адамға бермеуін, бұл істе барынша мұқият болуын сұрап отыр. Өйткені мобильді қосымшадағы банкинг қызметін қолданған үшінші тұлға несие рәсімдей алады.

Бір қызығы, өзінің атына несие рәсімделгенін білмейтін азаматтар да бар болып шықты. Айласын асырғандар бір тұрғынның атынан шағын несие беру ұйымынан 76 636 теңге алыпты. Тәртіп сақшылары несие рәсімдеген күдіктіні тауып, оның осыған дейін де істі болғанын анықтады. Ұсталған азаматша кінәсін мойындағанымен, ақша әлі иесіне қайтарылмаған.

Ал Ақсай қаласының тұрғынына «Telegram» әлеуметтік желісі арқылы хабарласқандар табысын еселеп көбейтуге мүмкіндік береміз деп алдап, 3,5 миллион теңгесін олжалаған. Олардың уәдесіне сенген аңғал тұрғын алаяқтарға бүкіл ақшасын санап беріпті. Ұрланған ақшаны сақшылар әлі қайтара алмай отыр. Өйткені бұл іс біраз уақыт алады, сондықтан азаматтардың барынша сақ болуын сұраймыз, -дейді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин

Предыдущая запись
Украина: Украинадан шыға алмай қалған қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілерін украиндықтар өз үйінде паналатып отыр
Следующая запись
Орал: Әскерилер 45 миллион теңгенің сағатын сатып алмақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню