Сахалинде Тымовское ауылында бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.
Губернатор Сахалинде тұрғын үйдегі жарылыстан 7 адам қаза тапқанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, тағы 9 адам зардап шекті. Құтқару операциясы жалғасуда. Жарылыстың себептері толық анықталған жоқ, прокуратура тергеуді бастады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, үйінді астында 6 адам болуы мүмкін.
Ал, Қазақстанның Ақмола облысындағы жарылған қазандықтың бір қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Кеше хабарлағанындай, Аршалы ауылындағы мектеп маңында қазан жарылып, ғимараттың бір бөлігі қирап, мектеп оқушылары онлайн оқытуға көшті.
Сондай-ақ оқиғадан үш адамның жараланғаны хабарланды.