389
Перу астанасы Лиманың халықаралық әуежайында Airbus A320 жолаушылар ұшағы ұшу кезінде өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды RPP.
Оң қанатымен соққаннан кейін әуе кемесі өртеніп, біраз уақыт өрт басқан күйде жүріп өтті. Алайда, өрт дер кезінде сөндірілді.
Өрт сөндіру бөлімінің бас командирі Луис Понсе Хараның айтуынша, көлікпен келе жатқан екі өрт сөндіруші оқиға орнында қаза тапқан. Жолаушылар эвакуацияланды, олар ауыр жарақат алған жоқ.
Әуежай болған оқиғаға байланысты жұмысын келесі күні сағат 13:00-ге дейін тоқтатты (Астана уақытымен 19 қараша 00:00). Онда қонуы керек рейстер басқа әуежайларға бағытталады.