Түркістан облысында 637 адам вакцина салдырудан бас тартқан

212

Түркістан облысында 637 адам вакцина салдырудан бас тартқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтылды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесовтің айтуынша,  халықты жаппай вакцинациялау шарасы мыңдаған адамды көптеген эпидемиологиялық аурулардан сақтауға бағытталған.

«Вакцинаны уақытылы алатын балалар саны осындай иммундау апталықтарының арқасында артты. Жыл сайын дифтерия, сіреспе және көкжөтелге қарсы егулер әлем бойынша 100 миллионнан астам балаға жасалады. Полиомиелит дерті бойынша әлем елдерінің басым бөлігі жойылды деген бағаға қол жеткізсе, дифтерия, сіреспе аурулары бірлі-жарым деңгейге дейін төмендеген. Мысалы, қызылшаға қарсы вакцинацияның арқасында 2000-2016 жылдары әлемде өлім-жітім саны 84%-ға азайған. Дүниежүзілік иммундау аптасына 180-нен астам ел қатысып, денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен, жыл сайын әр түрлі девиздермен өткізіледі. Өкінішке қарай, қоғамда әр түрлі эпидемиялық ауруларға қарсы салынатын екпеден бас тартушылар саны әлі де көп», – деді Бахтыораз Елемесов.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева өңір бойынша 637 адам вакцина салдырудан бас тартқанын айтты. Екпеден бас тартушылардың едәуір бөлігін 15 жасқа дейінгілер құраған.

«Талдаулар нәтижесінің басым көпшілігі діни көзқарастағы және жеке нанымдағы азаматтар екенін көрсетіп отыр. Екпеден бас тартқандар арасында сауалнама да жүргізілді. Басым бөлігі интернет желілерінде авторы белгісіз, вакцина туралы теріс пікір қалыптастыруға арналған видеоларға сенген. Кейбірі алып-қашпа әңгімелердің әсері болғанын алға тартты», – деді спикер.

Өз сөзінде Салтанат Жабағиева вакцинация азаматтардың тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізілетінін атап өтті. Мамандар тұрғындарды, ата-аналарды белгіленген жоспарлы екпелерді уақытылы алуға, сондай-ақ әртүрлі себептермен екпе алмай жүрген мерзімдерін өткізіп алған тұлғаларды екпе алуға шақырады.

Айта кетейік, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары тарапынан жүргізілген екпеден бас тартушылармен түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 26 азамат екпе салдыруға келісім берген.

Алдыңғы пост
Алматы қалалық ҰҚКД экс-басшысы сотталды
Келесі пост
Шымкентте алып сәби дүниеге келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu