ОСК тыныштық күнін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салды

354

18 қарашада Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт кезеңі аяқталды. Президенттікке үміткерлерге дауыс беру қарсаңында тыныштық күнін сақтаудың маңыздылығы туралы еске салынды, деп хабарлайды Elitar.kz Kazpravda.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабына сәйкес, сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.

Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.

19 қараша күні сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін «тыныштық күні» жарияланды.

Дауыс беру еліміздегі сайлау учаскелерінің негізгі бөлігінде 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін жалғасады.

Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы осы заңнамалық норманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Алдыңғы пост
Астанадағы өрт сөндірушінің отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйланды, екіншісінің ипотекасын жабуға көмек беріледі
Келесі пост
​Перуде жолаушылар ұшағы өрт сөндіру көлігімен соқтығысқаннан кейін өртке оранды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu