Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 23 қаңтардан басталады

258

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2023 жылдың  23 қаңтар сағат 09:00-ден бастап автоматтандырылған kezekte.kz интернет ресурсы арқылы  электронды түрде жүргізіледі.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие  негізінде  «2-10-20», «5-10-20»  бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2023жылға – 40 567 теңге) соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (125 757 теңге) болған жағдайда беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына жататындар:

– мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

– көпбалалы отбасылар;

– толық емес отбасылар.

– Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша өтініш;

2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама;

4)  жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);

5)  қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы банктің хаты.

Құжат тапсырылатын орын:

Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.

Әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

Алдыңғы пост
Тәрбиеші офицерлердің мерекесі құтты болсын
Келесі пост
Қазақстандағы қызмет көлемімен ең ірі әскери құрама жас сарбазбен толықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu