357
”Нұрсұлтан Назарбаев” халықаралық әуежайының баспасөз қызметі халықаралық бағыттар бойынша ұшып шығатын жолаушыларды тіркеу уақытының өзгергені туралы хабардар етті, деп хабарлайды Elitar.kz Kazpravda.kz-ке сілтеме жасай отырып.
“Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес ұшатын жолаушыларды тіркеу бұдан былай халықаралық рейстерде әуе кемесі ұшқанға дейін (әуе кемесі мен жолаушылар санына байланысты) екі сағаттан кешіктірілмей басталады”, – делінген ақпаратта.
Бұрын тіркеу ұшуға дейін үш сағаттан кешіктірілмей басталды.
“Ішкі бағыттар бойынша рейстерге ұшуды тіркеу уақыты өзгеріссіз қалады – ұшудан 1,5 сағат бұрын”, – деп толықтырды баспасөз қызметі.