Шымкентте ірі сауда дүкені мен қоймадағы өрт сөндірілді

260

Шымкенттік өрт сөндірушілер ірі сауда орны мен қоймадағы қызыл жалынды сөндірді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, “103” диспетчерлік қызметіне Төле би көшесіндегі өрт туралы хабарлама бүгін, 17 шілдеде сағат 15.24-те келіп түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер  2 қабатты “Темірлан” техникалық тауарлар дүкеніндегі 150 шаршы метр аумақты, сонымен қатар оған жапсарлас 650 шаршы метр аумақты алып жатқан қойманың отқа оранғанын анықтады. Қызыл жалын 800 шаршы метрді аумақты қамтыған.

Өртті сөндіруге департаменттің 120 өрт сөндірушісі мен  17 техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 17.38-де толықтай сөндірілді.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Айта кетейік, оқиға орнынан 5 газ баллоны және 1 оттегі баллоны шығарылды.

Алдыңғы пост
А-2 айналма жолы 2-ші кезеңінің құрылысы аяқталды
Келесі пост
19 шілдеде елімізде телеарналар мен радиолар жұмыс істемейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu