2025 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметтерді eGov mobile-ға ауыстыру жоспарлануда

420

​”Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин ОКҚ брифингінде 2025 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметтер eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болуы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz Kazpravda.kz-ке сілтеме жасай отырып.

“EGOV Mobile мобильді қосымшасы цифрландыру өнімдерінің бірі ретінде 2019 жылы іске қосылды. Бүгінгі таңда қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. Мобильді қосымшаның пайда болуымен және оның функционалдығының кеңеюімен азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ компьютерден ғана емес, сонымен қатар барлығы дерлік пайдаланатын ұялы телефоннан да оңай және қарапайым қызметтерді алуға мүмкіндік алды”, – деп атап өтті Ростислав Коняшкин.

Жалпы, оның айтуынша, ҰАТ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге мемлекеттік қызметтерді смартфондандыруға баса назар аударуда.

Бүгінде мобильді қосымшаның көмегімен ай сайын 1,2 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ал 2022 жылы eGov mobile арқылы қазақстандықтар 11 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алды.

ҰАТ басшысы атап өткендей, 2025 жылға қарай барлық мемлекеттік қызметтер eGov mobile-да қолжетімді болуы тиіс. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Алдыңғы пост
​Семейде жолаушылар автобус өртеніп кетті
Келесі пост
​Талдықорғанда орта жастағы ер кісі 12 жасар қызды қыр-соңынан аңдып, тиіспек болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu