Түркістан облысында жас қыз үйге ұрлыққа түскен

Теги: ,
213

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, пәтерінен ақша ұрланғанын айтқан.

Жәбірленуші ер адамның айтуынша,  белгісіз біреу оның үйінің кіреберіс есігін бұзып ашып, қонақ бөлмеде тұрған  1,2 млн ақшасын ұрлап кеткен.

Полицейлер қылмысты ашу мақсатында  оқиға орнына дереу жетті. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмысқа қатысты адам анықталды. Ол Жетісай қаласының тұрғыны, жас қыз болып шықты.

«Қазіргі уақытта осы факті ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіден заттай дәлел ретінде ұрлаған ақшаның бір бөлігі тәркіленді» делінген облыстық ПД хабарламасында.

Алдыңғы пост
Шымкентте ұзындығы 16 км “Оңтүстік” айналма жолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Келесі пост
Сауда Арабияда өтіп жатқан халықаралық көрмеде Шымкент қаласы таныстырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu