​Жанжал кезінде келіншек танысының мұрнын тістеп алды

448

Оқиға Ақмола облысы Астрахан ауданында болған. Полицейлерге жәбірленуші әйел жүгінген. Өз сөзінде танысы зақым келтіргені туралы айтқан.

Белгілі болғандай, әйелдер арасында түсініспеушілік туындап, соңы жанжалға ұласқан. Сол кезде олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салған.

Қазіргі таңда полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Қылмыстық іс қозғаудың негізі – жәбірленуші бетінің жаралануын денсаулыққа келтірілген жеңіл зиян ретінде анықтаған сот-медициналық сараптаманың нәтижелері болды. Мұрын ұшының тістелген жарасы бет пішінінің өзгеруі және хирургиялық араласуды қажет етеді деп сипатталады» делінген полиция мәліметінде.

Алдыңғы пост
​Ауруханада жатқан ұлын ұрып-соғып, қатегіздік танытқан ананың видеосы тарады
Келесі пост
​Шымкент жылына 54 мың жиһаз өндіре алады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu