​Ауруханада жатқан ұлын ұрып-соғып, қатегіздік танытқан ананың видеосы тарады

252

Шымкентте балалар ауруханасында жатқан науқас ұлын жұрттың көзінше ұрып-соғып, боқауыз сөздерді қарша боратқан ананың әрекеті видеоға түсіп қалды. Бейнежазбаны келіншекпен бірге бір палатада жатқан Шымкент тұрғыны түсіріп, оны Instagram парақшасында жариялады.

Назерке Жиенқұлова есімді әйелдің айтуынша, баласы науқастанып, ауруханаға түскен. Сол кезде ұлына қатыгездік танытқан келіншекті көріп, шыдай алмаған. Тіпті бірнеше рет ескерту жасағанымен, ашулы ана 1 жастан асқан ұлына қол көтеруін тоқтатпаған.

«Барынша репост жасауларыңызды сұраймын. Кеше баламмен ауруханаға түсіп қалдым. Мына әйел ұлына осындай қатыгездік танытты. Біздің ескертпемізге құлақ та асқан жоқ. Түні бойы баласына айқайлап ұрысып шықты. Баланы ұрып, айқайлап ұрысуға болмайтынын бірнеше рет айттық. Бірақ тыңдаған жоқ. Сол үшін осы видеоны түсіруіме тура келді. Бұл дұрыс емес қой. Ол біздің көзімізше баласына осылай жасап отыр, үйінде не істемейді сонда?.. Мұның соңы не болады? Бес баласының бірін ашу үстінде абайсызда өлтіріп қоюын күту керекпіз бе?» деп жазды автор.

Видео желі қолданушыларын ашуын тудырды. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметінше, қатыгез ананың ұлы өкпесі суықтап, ауруханаға түскен. Қазіргі таңда жағдайы орташа. Тиісті ем-домын қабылдауда. Ауруханада тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл оқиға орнына барған.

Желіде жарияланған видеоға қатысты қалалық Полиция департаментіндегілер де пікір білдірді.

«Бейнежазбада көрсетілген азаматша анықталып, одан түсініктеме алынды. Полиция қызметкерлері және білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары азаматшамен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда орын алған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп атап өтті ведомстводан.

Алдыңғы пост
Ақтөбенің ірі бассейнінде 5 жыл бойы су ауыстырмаған, тек хлорлап отырған
Келесі пост
​Жанжал кезінде келіншек танысының мұрнын тістеп алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu