Ақтөбедегі ең үлкен бассейн тағы да басты назарда – жас жүзушілер түрлі ауруға шағымданып отыр. Онда бақандай 5 жыл бойы су ауыстырылмай, тек хлормен тазартылып отырған. Сөйтсе, бұл әкімшілік үшін тым қымбатқы шығады екен, деп хабарлайды Elitar.kz КТК-ға сілтеме жасай отырып.
Ақтөбе бассейнін қараша айының басында тексеру талап етілді. Ата-аналар сабақтан кейін балаларда аллергиялық бөртпе пайда бола бастады және жөтел басталды деп алаңдаушылық білдіре бастады. Мұның бәрі судағы хлордың тиісті мөлшерден асып кетуіне байланысты деп айтылды.
Жазда “Достық” спорт кешенінде жарыс кезінде 12 қатысушы ауырып, тіпті ауруханаға жеткізілген ауыр оқиға болды. Олар реактивті затпен уланған деген болжам болды. Енді белгілі болғандай: үлкен шығындарға байланысты әкімшілік спорт нысанын ұстауға 0аражатты үнемдеуге көшкен.
“Соңғы рет 2017 жылы су ауыстырылды, суды ауыстыру өте қымбат шара. Сүзгілер қалыпты жұмыс істейді, бірақ біз қазір жағдайдың анық-қанығын анықтаудамыз. Суды ауыстыру өте қымбат – 7 миллион теңге”, – деді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Әділбек Ділжанов.
Айта кетейік, өткен аптада Қостанайда жанжал туындаған еді. Жас спортшылар жаңа бассейнге барғаннан кейін көзге, көмейге және өкпеге күйік шалған.
Сол кезде Қостанай қаласының №1 БЖСМ оқушыларының ата-аналары дабыл қаққан еді. Жаңа бассейнге барғаннан кейін балаларда біртүрлі белгілер пайда бола бастаған. Ата-аналар судың жоғары қышқылдығы көздің, көмейдің шырышты қабығын күйдіреді және тіпті балалардың тіс эмальын бұзады деп санайды. Көбінің шашы түсе бастаған.