​Жасырын цехта заңсыз арақ шығарып келген тұрғынға үкім шықты

378

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімін өндіретін жасырын цехтың қызметін тоқтатқан болатын. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілкті тұрғынның суррогат алкоголь өнімін өндіру бойынша жасырын цехтың жұмысын ұйымдастырғаны анықталған.

Оқиға орнын тексеру барысында “Родная степь” маркалы 500 бөтелке арақ, 450 литр спирт, 225 литр спирті бар қоспа, жалған есепке алу-бақылау маркаларының 1 орамы, 1 қорап қақпақтар, қаптауға арналған арнайы полиэтилен 1 орам, этикет жапсырмаларының 1 орамы және 240 дана бос бөтелке тәркіленген.

Ведомстводағылар жергілікті тұрғынның үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жолдады.

«Абай аудандық сотының үкімімен жасырын цех ұйымдастырушы Қылмыстық кодекстің 233-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар айқындайтын қоғамдық орындарда 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы қабылданды. Тәркіленген барлық алкоголь өнімдері жойылды» деп атап өтті қалалық Экономикалық тергеу департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Шымкентте егін жинау науқаны қалай өтті?
Келесі пост
​Павлодарда жол қоршауы мен ағашқа соғылған жүргізуші мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu