Астаналық бойжеткен ішіп алып такси көлігін айдап кеткен

391

Елордада ішімдік ішіп алған бойжеткен такси көлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Көп ұзамай 31 жастағы қыз ұсталды.

Тергеу барысында белгілі болғаны, күдікті таңғы уақытта жас жігітпен таксиде кетіп бара жатып екеуінің араларында жанжал туындаған. Содан такси жүргізушісі жанжалға байланысты оларды автокөліктен түсіріп тастайды. Сол кезде такси жүргізушісі мен жас жігіт ерегісіп, екеуі мәселені шешпекші болып сөйлесуге кеткенде бойжеткен «LADA Granta» маркалы автокөлігінің рөліне отырып айдап кеткен. Алайда ол көп ұзамай Иманов пен Асан қайғы көшелерінің қиылысында екі автокөлікпен соқтығысқан.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Үндістан азаматын ұрлап әкетіп, ақша бопсалағандар ұсталды
Келесі пост
Бір күнде үш ұлының үйлену тойын өткізгендер жұртты таң қалдырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu