Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында 31 жастағы тұрғынға сот үкімі оқылды. Ер кісі қала аумағындағы үйлердің біріне заңсыз кіріп, жатын бөлмесінде тұрған құны 25 мың теңге тұратын ерлер иіссуын жасырын түрде жымқырып кеткен. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында азаматтың бұрын-соңды сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда сотталушының сотталғандығы жойылмаған. Соған қарамастан сотталушы пробациялық бақылауында жазасының өтелмеген бөлігін өтей жүріп, түзелу жолына түспей, тағы бір қылмысқа барған.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізді.