Атырауда қылмыстық топ есірткінің ірі партиясын тасымалдап келген

433

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласынан Атырау қаласына дейін темір жол көлігімен есірткінің ірі партиясын тасымалдауды ұйымдастырған ер адам мен екі әйелді ұстады. Олардың барлығы бұған дейін әртүрлі баптар бойынша сотты болған. Атырау қаласының тұрғыны саналатын 49 жастағы ер адам ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болып шықты.
Арнайы іс-шаралар барысында көлік полицейлері ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдаушы мен оны алушыны ұстады.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 327 грамм болатын аса ірі мөлшердегі «гашиш» есірткі заты екендігі анықталды.

“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, материал сотқа жіберілді” деп атап өтті Көліктегі полиция департаментіндегілер.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылды. Үшеуіне қатаң режимдегі колонияда 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алдыңғы пост
Жетісуда 43 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасалды
Келесі пост
200 мың теңге. Қазақстанда шетелдік автокөлікті заңдастырудың бағасы осындай

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu