Нүкенова мен Бишімбаевтың некесін қиған имам жазаланды

308

Бұл туралы діни басқарма хабарлаған.  Яғни, олардың некесі – харам. Сондай-ақ, діни басқарма Нүкенова мен Бишімбаевтың некесін қиған имамды жазалағанын мәлімдеді.

Олардың мәліметіне сәйкес,  Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қияр алдында бас мешіт имамы діни басқарма тәртібін орындамаған. Олар салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген.

2022 жылдың 17 қазанында Астанадағы бас мешітте Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың өтініші бойынша куәгерлердің қатысуымен болашақ ерлі-зайыптылардың некесі қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан екі жастың АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде олар “жасалып жатыр” деп жауап берген. Олардың жауаптарын қабылдаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамы Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды.  Ол, ішкі жұмыс тәртібін бұзған.

“Жоғарыда аталған теріс сипаттағы “азаматтық некенің” шариғаттағы үкімі – харам. Мұсылман баласы арты опық жегізетін мұндай ауыр әрі лас күнәдан аулақ болуға тиіс”, – делінген басқарма мәлімдемесінде.

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Алдыңғы пост
Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілері белгілі болды
Келесі пост
Шри-Ланкада жарыс көлігі 30-ға жуық адамды қағып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu