Қасым-Жомарт Тоқаев журналист әйелдердің құқығын қорғауды тапсырды

Теги: , , , ,
Қасым-Жомарт Тоқаев журналист әйелдердің құқығын қорғауды тапсырды
456

Қазақстан Президенті белгісіз біреулер тарапынан қудалауға ұшыраған қазақстандық журналистердің ісіне арнайы тапсырма берді. Бұл туралы Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды», – деп жазды Р. Желдібай Facebook-парақшасында.

Айта кетсек, Хатта YouTube желісіндегі ElMedia арнасының редакторы Гүлжан Ерғалиева мен Orda.kz порталының бас редакторы Гүлнар Бажкенованың үнемі психологиялық шабуылға және белгісіз адамдар тарапынан қорқытып-үркіту әрекеттеріне ұшырайтыны жазылған. Сонымен қатар құқық қорғаушылар 2022 жылдың шілдесінде Атырау қаласында «Дорожный контроль» ақпараттық порталының тілшісі Олеся Вертинскаяның соққыға жығылғаны туралы оқиғаға назар аударуды сұраған, деп еске салады azattyq-ruhy.kz.

Алдыңғы пост
Сауда министрлігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдай ма?
Келесі пост
ҰОС ардагерлерінің 88-і әлі күнге Қазақстанда тұрғын үй алу кезегінде тұр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu