Қоқыс полигонын жоймаған 30 әкімге айыппұл салынды

83

Атырауда былтыр рұқсатсыз қоқыс төгілген 100 орын анықталған. Оның 95 пайызы жойылған болатын. Полигондарды жоюды нашар жүргізген әр деңгейдегі 30 әкім әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы сомасы 882,4 мың теңге айыппұл салынған деп хабарлады Астана телеарнасы.

Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Мансұр Ошурбаевтың айтуына қарағанда, Атырау қаласындағы күкіртті сутектің негізгі көзі кәріздік тазарту қондырғылары, «Тухлая балка» мен «Квадрат» булану алаңы болып отыр.

«Атырау облысындағы атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту мақсатында Жол картасы бекітіліп, оған 45 іс-шара енгізілді. Бұл – өңірдегі экология проблемаларын кешенді шешуге бағытталған іс-шара. Аталған жол картасы аясында «Тухлая балка» мен «Квадрат» булану алаңдарын қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. Атырау қаласының сол жағалауында кәріздік тазарту қондырғысының құрылысы аяқталды. Қала аумағында атмосфералық ауаға тарайтын шығарындылардың барлық көзіне түгендеу жұмысы жүргізілді», -деді Мансұр Ошурбаев.

Алдыңғы пост
Таразда жарылыс орын алды
Келесі пост
Қазақстандықтар Грекияда орманды өртеп жіберді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu