Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Үкімет пен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде

Теги: , , , , ,
После поручения Токаева Правительство и Генпрокуратура работают над передачей ряда ТЭЦ в госсобственность
335

Үкімет бірқатар проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтауда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі мен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мәселе 24 қарашада Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

Екібастұздағы жағдайға келетін болсақ, жексенбі, 27 қарашада, жылу желілеріндегі желілік суды көп тұтынуға байланысты қалалық ЖЭО-да қазандық агрегаттары тоқтады. Оқиға салдарын жою бойынша шұғыл түрде штаб құрылды, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары басталып, жедел желі ашылды.

28 қараша, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үйді, 11 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау қалпына келтірілді.

Проблемалық энергетикалық нысандардың қызметі мәселелері бойынша жұмыс осы жылдың наурыз айында құрылған Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасатын болады.

Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме т/ж жолдары) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі қайтарылды. Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме т/ж жолдары мен активтері бар 28 компанияның қатысу үлесі мемлекет меншігіне қайтару сатысында. Тағы 20 нысан бойынша пысықтау жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде бірқатар ЖЭО, мұнай-газ және т/ж секторларының өндірістік объектілері, логистикалық, машина жасау активтері және т.б. бар.

Алдыңғы пост
Оқуға грантқа түспек болған түркістандық алаяққа оңбай алданды
Келесі пост
Үшінші мегаполисте жас қолөнершілер көрмесі өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu