Қазығұрт тұрғыны жеке куәлігін 40 жасында бір-ақ алды

300

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны жеке куәлігін алғаш рет 40 жасында алды. Аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне ер адам келіп, осы уақытқа дейін өзінің жеке басын анықтайтын төлқұжатын алмағанын айтқан. Осы орайда 40 жастағы ер азамат тәртіп сақшыларынан құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмек сұраған. Polisia.kz жазуынша, оның өтінішімен  Қазығұрт АПБ-ның көші-қон қызметі тобының полицейлері жедел түрде іске кірісіпті. Тұрғынның жоғалған туу туралы куәлігі қайта қалпына келтіріліп, сол арқылы жаңа жеке куәлігін жасау жұмыстары жүргізілді. Соңында тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, жаңа құжат табысталды.

«Мен Қазығұрт ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат ала алмадым. Қазіргі таңда қазығұрттық көші-қон қызметі тобының полиция қызметкерлері маған көмек берді. Жеке куәлігімді алуыма себепкер болды. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деді қазығұрттық Ербол Баратов.

Алдыңғы пост
Сайрам ауданында диқандар малдың қаны араласқан арық суын пайдаланып жүр
Келесі пост
Білім бөлімінің басшысы 543 млн тг жымқырды деген күдікпен қамалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu