Жас жігіттер дүкеннен 5 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын үптеп кетті

348

Ақмола облысы Астрахан ауданындағы зергерлік бұйымдар дүкенінде ұрлық түсті. Дүкен иесінің айтуынша, белгісіз адамдар сауда орнына түнгі уақытта кіріп, ондағы зергерлік бағалы бұйымдарды жымқырып кеткен. 56 жастағы жәбірленуші өз арызында 5 миллионнан астам теңге шығын келгенін атап өткен.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі көп ұзамай күдіктілердің жеке басы анықталғанын айтты.

«Криминалдық полиция қызметкерлері Павлодар қаласында елорданың 27 жастағы екі тұрғынын ұстады. Қаскүнемдер дүкенге пластикалық есікті қысып ашу арқылы кіріп, металл есікті ілмектерден алып тастаған. 250-ге жуық зергерлік бұйымдар ұрылардың олжасы болған. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі “ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» делінген ведомство мәліметінде.

Заттай дәлелдеме ретінде зергерлік бұйымдар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеліп отыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардың сыбайластары болуы мүмкін екендігі тексерілуде.

Алдыңғы пост
Отбасылық жанжалдан соң үш балалы әйелді күйеуі үйінен қуып шыққан
Келесі пост
Кәсіптік білімге сұраныс көп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu