Отбасылық жанжалдан соң үш балалы әйелді күйеуі үйінен қуып шыққан

231

Шымкентте Еңбекші ауданында тұратын келіншек үш баласымен бірге далада қалды. Отбасылық жанжал болып, күйеуі әйелін балаларымен қоса үйден қуып жіберген. Күйеуінен зәбір көрген 35 жастағы ана қайда барарын білмей полиция қызметкерлерінен  көмек сұраған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, мәселенің мән-жайын анықтау үшін көрсетілген мекенжайға учаскелік полиция инспекторы мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері барды. Нәтижесінде 38 жастағы ер азаматтың үстінен қорғау нұсқамасы толтырылып, 30 тәулікке есепке алынды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап әйел балаларымен бірге уақытша пана ретінде «Көмек» дағдарыс орталығына орналастырылды.

Алдыңғы пост
«Денем тітіркеніп кетті». Танымал әнді жанды дауыста орындаған қазақ қызы көпті таң қалдырды
Келесі пост
Жас жігіттер дүкеннен 5 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын үптеп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu