Үй алмақ болған шымкенттік жарты млн теңгесінен айырылды

383

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алмақ болған тағы бір тұрғын алаяқтың құрбаны болды. Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, екі айдан бергі танысы Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп, 500 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әйелдің бұған дейін бірнеше алаяқтық жайтына қатысы бар екендігі анықталып, сотты болғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шардаралық ер кісі көршісін пышақпен қорқытып, тонап кетті
Келесі пост
Almaty Parking-тен қаржы жымқырғандардың ісі сотқа жолданды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu