Түркістан облысы Шардара ауданында полицияға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Онда жәбірленуші көше бойында жаяу келе жатқан кезінде белгісіз біреу тоқтатып, пышақпен қорқыту арқылы қалтасындағы ұялы телефоны мен 60 мың теңге ақшасын алып кеткенін айтқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 260 мың теңге.
Тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 192-бабы, яғни «Қарақшылық» бойынша тіркелді.
Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, күдікті азамат ұсталды. Ол бұрын сотты болған, жәбірленушінің көршісі болып шықты.
“Күдіктіден айғақты зат ретінде жымқырған ұялы телефон мен ақша алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланыстыер азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде”,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.